Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

Лицензияның қолданысын

қайта жалғастыру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылы 28 қазанда Амангельды Аралбаевич Елжасовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0005933 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
    А.А. Елжасовтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2022 жылдың 21 қаңтардағы ұсынысы және А.А. Елжасовтың 2022 жылғы 19 қаңтардағы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
27 января 2022