Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

                    

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34 -бабы 2- тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылғы
    18 тамызында Данияр Борисович Абдрахмановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 15015241 мемлекеттік лицензиясының қолданысы Алматы қаласының Ауэзов аудандық № 2 сотының № 7540-20-00-2/2779 шешімін толық орындағанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    А.Б. Абдрахмановтың, Алматы қалалық адвокаттар алқасының, «Алматы қаласы бойынша жеке тәжірибедегі заңгерлік кеңес беру орталығы» заң консультанттары палатасының, сот және құқық қорғау органдарының және Алматы қаласының жеке сот орындаушысы Н.А. Мащанскаяның назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Алматы қаласының Ауэзов аудандық №2 сотының 24.06.2021 ж. ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                        А. Әмірғалиев

Дата публикации
27 января 2022