Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
    17 наурызда Шынболат Ембергенұлы Қабақбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001523 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 30 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Ш.Е. Қабақбаевтың, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 22 желтоқсандағы № 524 өтінішхаты, Ш.Е. Қабақбаевтың 2021 жылдың 22 желтоқсандағы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

Дата публикации
18 января 2022