Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2022 жылға арналған жоспары туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. Жоспардың 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
    Әділет министрлігіне жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

 

 

 

рус
Дата публикации
13 января 2022