ҚР ӘМ Ішкі аудит басқармасымен 2021 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат

ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 789 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған Ішкі аудит басқармасының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес 2021 жылы Қостанай облысының Әділет департаментінде, Павлодар облысының Әділет департаментінде, Жезқазған қаласы, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары бойынша сот сараптамалары институттарында және «ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-де аудиторлық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

2021 жылы аудиторлық іс-шаралармен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 11 630 011,6 мың теңгені құрады.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 216 762,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қалпына келтіруге жататын сома        15 437,2 мың теңге және өтелуге 3 189,5 мың теңге, оның ішінде 15 437,2 мың теңге қалпына келтіріліп, 1 389,7 мың теңге немесе 90,3% өтелді.

Барлық аяқталған аудиторлық іс-шаралар бойынша аудит объектілеріне ішкі аудит нәтижелері туралы есептер және қызмет бағыттары бойынша бұзушылықтарға жол бермеу, тәуекелдерді төмендету, мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, кадрлық іс жүргізу және басқалар бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын шешімдер жіберілді.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген 2021 жылғы 1 жартыжылдықтағы ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша ІАБ-ң қызметі «тиімді» деп бағаланды.

Мемлекеттік органның ішкі процестерін, сондай-ақ Басқарманың қызметін жетілдіруге бағытталған жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Дата публикации
13 января 2022