Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылдың
5 желтоқсанда Виктория Леонидовна Дрихельге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 17020536 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты
В.Л. Дрихельдің, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 29 желтоқсандағы № 1-599 өтінішхаты, В.Л. Дрихельдің 2021 жылдың 20 желтоқсандағы өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев