Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ш.Т. Юнусованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ш.Т. Юнусованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің 28.12.2021 ж. № 2-05/33890 ұсынысы және Ш.Т. Юнусованың 27.12.2021 ж. арызы.
Вице-министр А. Әмірғалиев