Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылғы
    13 сәуірде Юлия Давидовна Бит-Кочарға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №17006531 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Алматы қаласы Әділет Департаменті:

         1) Ю.Д. Бит-Кочардың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Ю.Д. Бит-Кочарға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №01-11/6581-И ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                          А. Әмірғалиев

Дата публикации
11 января 2022