Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың
    11 қарашада Валентина Викторовна Моисееваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003999 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

         1) В.В. Моисееваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қостанай облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) В.В. Моисееваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 08.12.2021 жылғы ұсынсы, 08.11.2021 жылғы № 20-661-21-0003392  қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

 

Вице-министр                                                                              А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
11 января 2022