Лицензиясынан айыру туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Асель Канатовна Сулейменоваға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2021 жылғы 9 наурдағы №6240 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.
- Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;
2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
- Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
- Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Д. Игембаев).
- Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев