Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нургали Мыхтыбекович Орынбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылдың 1 желтоқсанында берілген № 0002242 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.М. Орынбаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.М. Орынбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус Н.М. Орынбаевтың 2021 жылғы 22 желтоқсандағы өтініші және Түркістан облысы Әділет департаментінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 02-67-7/15237 ұсынуы

 

 

Вице-министр                                                                                  А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
30 декабря 2021