«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі аудит басқармасының 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 789 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігі Ішкі аудит басқармасының

2021 жылға арналған мемлекеттік аудит

объектілері тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

2020 жылғы 28 желтоқсандағы  № 789

бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы                    12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы                               № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына  сәйкес, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі аудит басқармасының 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы                28 желтоқсандағы № 789 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі аудит басқармасының 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.    

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі аудит басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің                           интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі аудит басқармасының басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі аудит басқармасы басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 1/30214 қызметтік жазба хаты.

 

Министр                                                                                    М. Бекетае

приказ
Дата публикации
27 декабря 2021