Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 90-бабының нормаларына сәйкес уәкілетті орган заң консультанттары палаталарының тізілімін электрондық форматта жүргізеді.

Заң консультанттары палаталарының тізілімінде қамтылған мәліметтер ашық болып табылады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жаңартылған күйде орналастырылады.

Осы Заңның 78-бабының талаптарына сәйкес келетін коммерциялық емес ұйым туралы мәліметтер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама негізінде заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізіледі.

Хабарламаны алғаннан кейін уәкілетті орган заң консультанттары палатасының осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын өзі дербес тексереді.

Заң консультанттары палаталарының тізілімін және оның құрамдауышын жүргізу мәселелері бойынша жедел жәрдем көрсету үшін жұмыс күндері сағат 9.00 –ден 18.30 – ға дейін ( түскі үзіліс 13.00 –ден 14.30 дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) жауапты қызметкер ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің сарапшысы
Е.Қ. Қоңырға 8 (7172) 55-88-49; +7 701 412 2631 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

 

Заң консультанттары палаталары мүшелерінің тізілімі
Дата публикации
16 февраля 2022