Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
12 желтоқсанда Нурлан Атымтаевич Ережеповке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004400 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сот шешімі орындалғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Қостанай облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
Н.А. Ережеповтың, Қостанай облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы ұсынысы, Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының 2021 жылғы 17 қарашадағы ұйғарымы.
Вице-министр А. Әмірғалиев