Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың
20 тамызда Дилдахан Мусалиевич Жорабаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18015977 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 14 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Д.М. Жорабаевтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 21 желтоқсандағы ұсынысы, Д.М. Жорабаевтың 2021 жылдың 10 желтоқсандағы өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев