Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлама
Жарияланған күні: 2021 жылғы 13 желтоқсан.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы,соның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтерді;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтаманы;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтаманы ұсынады.
5) Кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабындағы қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Құжаттар 2021 жылғы 29 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) мынадай мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі», Мәңгілік Ел даңғылы, 8, тел.: 8(7172) 740768; 8-775-666-67-25.
Электрондық адрес a.shiderkhan@adilet.gov.kz
Анықтама үшін: Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда немесе өтінімдер көрсетілген мерзімі аяқталған жағдайда тапсырылса, өтінімдер қараусыз қалады.
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне
____________________________________
Кімнен (өтініш берушінің А.Ә.Т.,)
Өтініш
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабындағы Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестікті растаймын.
Келесі құжаттарды қоса беремін:
1)
2)
3)
4)
«____»__________20___ ж. _______________ _______________________
(толтыру күні) (қолы) (Т.А.Ә.)