Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айгуль Бауржановна Даниеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылдың 14 қарашасында берілген № 13017628 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 1 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Даниеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Даниеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус А.Б. Даниеваның 2021 жылғы 6 желтоқсанындағы өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2021 жылғы 7 желтоқсанындағы                    № 2-07/9355-И ұсынуы

 

 

Вице-министр                                                                                  А. Әмірғалиев

Дата публикации
10 декабря 2021