Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың
    27 қарашада Габит Малкаждарович Алмаганбетовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18021330 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 7 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Г.М. Алмаганбетовтің, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 3 желтоқсандағы № 4/4720 ұсынысы, Г.М. Алмаганбетовтің 2021 жылдың 19 тамыздағы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
08 декабря 2021