2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын
заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу
саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы
профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы», «Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520, 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55, 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрықтарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылы 9 қарашада № 17723 және 2019 жылы 9 шілдеде № 18998 болып тіркелді), БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың 1 - 5 қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстар және Алматы қаласы Әділет департаменттерінің 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстар және Алматы қаласы Әділет департаменттерінің басшылары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды өткізуді бекітілген тізімге сәйкес қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңқызметін ұйымдастыру департаменті 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев