«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылғы 17 наурыздағы Ольга Николаевна Шинға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0000435 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 6 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты
О.Н. Шинның, Алматы қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 2 қарашадағы №1-511 өтініш хаты және О.Н. Шинның 2021 жылғы 7 қазандағы өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев