Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылғы 30 маусымда Любовь Анатольевна Пантелееваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0000761 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 1 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Л.А. Пантелееваның, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №06-19/7503 ұсынысы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 27 қазандағы №363 өтініш хаты.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

Дата публикации
03 декабря 2021