Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылғы 12 қазандағы Гүлнар Кеңесқызы Қойбағароваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001471 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылғы 4 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Г.К. Қойбағарованың, Қызылорда облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 21 қазандағы №435 хаты және Г.К. Койбагарованың 2021 жылғы 4 қазандағы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

Дата публикации
03 декабря 2021