Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызында Күлжан Сапарқызы Түкібаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001712 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 28 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
К.С. Түкібаеваның, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылғы № 06-19/1778-И ұсынысы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 10 қарашадағы № 388 өтінішхаты, К.С. Түкібаеваның 2021 жылдың 4 қарашадағы өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев