Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылғы
    1 наурызда Марат Абдигазиевич Мынбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003536 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет Департаменті:

         1) М.А. Мынбаевтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) М.А. Мынбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 521/21 өтінішхаты.

 

 

Вице-министр                                                                     А. Әмірғалиев

Дата публикации
30 ноября 2021