«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың
12 наурызында Андрей Иванович Тихолазға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003569 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 30 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты
А.И. Тихолаздың, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 15 қарашадағы № 1-529 өтінішхаты, А.И. Тихолаздың өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев