«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың
14 қыркүйекте Сакен Утепбергенович Еримбетовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12011537 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
С.У. Еримбетовтің, Алматы облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 24 қарашадағы № 01-291-21 өтінішхаты, С.У. Еримбетовтың 2021 жылдың 18 қарашадағы өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев