Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Кайрат Койбагарывич Молдатаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 22 шілдесінде берілген № 14010340 мемлекеттік лицензияның қолданысы алты айға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.К. Молдатаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.К. Молдатаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаменті 2021 жылғы 2 қарашадағы № 01-09/4190-И ұсынуы.

 

 

Вице-министр                                                                          А. Әмірғалиев

Дата публикации
29 ноября 2021