Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 635 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
2020-2024 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және ұстанымы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы: өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
Министрліктің ұстанымы: құқықтық мемлекеттің стандарттарына және қағидаттарына сәйкес тиімді құқықпен қорғаумен қамтамасыз етілген дамыған азаматтық қоғам.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
Ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
«Әділет органдары туралы» Заңға сәйкес әдiлет органдарының мiндеттерi жалпы мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады.
Қазақстан Республикасында орта есеппен жылына 40 заң жобасы әзірленуде. 2016 - 2018 жылдар аралығында және 2019 жылдың 9 айында 145 заң жобасы әзірленді (2016 жылы - 37, 2017 жылы - 64, 2018 жылы – 26, 2019 жылдың
9 айында -18).
Заңнамалық актілер жобаларының ұзақ мерзімді жоспарлануы заңнаманың 34 саласын (аясын) жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 314 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Парламенттің алтыншы шақырылымы жұмысы кезеңіне) шеңберінде жүзеге асырылады.
Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға жасалатын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын бекітеді.
Заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес 2016 - 2018 жылдар аралығында 52 заң жобасы әзірленді (2016 жылы - 18, 2017 жылы - 22, 2018 жылы - 12), 2019 жылға 32 заң жобасын әзірлеу көзделген.
Бұдан басқа, жыл сайын мемлекеттік органдар жоспардан тыс заң жобаларын әзірлейді (2016 жылы - 14, 2017 жылы - 37, 2018 жылы – 11, 2019 жылдың
9 айында - 9), соның ішінде Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен. Мәселен, 2016 - 2018 жылдар аралығында және 2019 жылдың 9 айында барлығы 86 жоспардан тыс заң жобасы әзірленді (2016 жылы - 19, 2017 жылы - 42, 2018 жылы – 14, 2019 жылдың 9 айында - 11).
Министрлік жыл сайын орта есеппен 6-8 заң жобасын әзірлейді. Мәселен, соңғы 7 жылда 2012 -2018 жылдар аралығында және 2019 жылдың 9 айында Министрлік 51 заң жобасын әзірледі. Министрлік, оның айрықша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әзірленген заң жобаларынан басқа, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлік кодекстің, «Төрелік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Ағылшын және Еуропа құқығының қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы әділет органдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және т.б. заң жобаларын әзірледі.
2017 жыл мен 2019 жылдың 9 айында Әділет министрлігі Премьер-Министр Кеңсесіне енгізген 14 заң жобасының 3-і Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеуіне байланысты Премьер-Министр Кеңсесімен қайтарылды (2017 жылы - 1, 2018 жылы - 1, 2019 жылдың 9 айында - 1).
Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлеу жағдайларын қоспағанда, заң жобасын әзірлеуді бастамас бұрын оның тұжырымдамасын әзірлейді.
Аталған тұжырымдамаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) отырысында қарау заңнаманың міндетті талабы болып табылады.
Дайындалған заң жобасының тұжырымдамасы ВАК мүшелеріне тарату, сондай-ақ тұжырымдама жобасы бойынша алды ала қорытынды алу үшін Әділет министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға жолданады («Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №907 қаулысы).
2016 -2018 жылдар аралығында және 2019 жылдың 9 айында Министрліктің алдын ала қорытындысын алу үшін барлығы 209 заң жобасының тұжырымдамасы түсті (2016 жылы - 71, 2017 жылы - 53, 2018 жылы – 62, 2019 жылдың 9 айында - 23).
Министрлік заң жобалау қызметінің үйлестірушісі ретінде ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Осылайша, 2016 - 2018 жылдар аралығында және 2019 жылдың 9 айында барлығы 108 ВАК отырысы өткізілді (2016 жыл - 28, 2017 жылы - 30, 2018 жылы – 28, 2019 жылдың 9 айында - 22), оның ішінде 57 ішкі (2016 жыл - 14, 2017 жылы - 19, 2018 жылы – 15, 2019 жылдың 9 айында - 9) және 51 сырттай ВАК отырысы
(2016 жылы - 14, 2017 жылы - 11, 2018 жылы – 13, 2019 жылдың 9 айында - 13).
2018 жылы ВАК мүшелерінің жалпы саны 44 адамды құрады, оның 43,2 %-ы үкіметтік емес секторының өкілдері, атап айтқанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлер форумы, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы және т.б.
2016 жылдың қазанынан бастап ВАК отырыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.
Бұл ретте, 2017 жылдың мамырынан әр ВАК отырысы Министрліктің сайтында online режимінде таратылады, бұл азаматтарға заң жобалау қызметіне қатысты жоспарланған заңнамалық өзгерістер мен өзекті мәселелер туралы ақпараттандырылуына мүмкіндік береді.
2018 жылдың 12 қазанынан ВАК отырыстарына мемлекеттік органдар өкілдерінің бейне-конференц байланысы арқылы қатысуы қамтамасыз етілді. Баяндамашылар мен үкіметтік емес ұйымдар тікелей қатысады.
«Құқықтық актілер туралы» Казақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша осы актілерде реттелетін құқықтық қатынастарға қарай заңдық, сондай-ақ ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, экономикалық және басқа да) сараптама жүргізіледі.
Заң сараптамасына жыл сайын орташа есеппен 70 (2016 жылы - 82, 2017 жылы - 92, 2018 жылы – 64, 2019 жылдың 9 айында - 80) заң жобасы түседі, оның ішінде уақытылы 155 (2016 жылы - 42, 2017 жылы - 46, 2018 жылы – 31, 2019 жылдың 9 айында -36) заң жобасы қарастырылды.
Ғылыми сараптама жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау, нормативтік құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау, жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізуі міндетті.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы ғылыми мекемелер және тиісті бейіні бар жоғары оқу мекемелер, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар жүргізетіндіктен, Министрлікке ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін мұндай ұйымдарды және/немесе сарапшыларды тартуға жыл сайынғы негізде бюджеттік қаражат бөлінеді.
Жыл сайын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентіне орташа есеппен 18 заң жобасы енізіледі (2016 жылы - 18, 2017 жылы - 22, 2018 жылы – 12, 2019 жылдың 9 айында -18).
Бұрын заңнамада заң жобаларының тұжырымдамаларына да ғылыми құқықтық сараптама жүргізу қажеттігі көзделген болатын, бірақ «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысымен тұжырымдамаларға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу алып тасталды.
Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама және ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру Министрлікке жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты әзірлеуші органдар әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заңнамалық актілердің жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып табылады.
2016 -2018 жылдар аралығында және 2019 жылдың 9 айында ғылыми лингвистикалық сараптамаға 871 заң және халықаралық шарт жобасы
(2016 жылы- 237, 2017 жылы- 281, 2018 жылы- 206, 2019 жылдың 9 айы -147) келіп түсті.
Әділет органдарының заң жобалау жұмысын жүргізу және заңнаманы жетілдіру саласындағы функциялары шеңберінде Министрлік мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нормативтік құқықтық актілердің техникалық кемшіліктерін анықтаудан (ескірген, қайталанатын, сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормалар және т.б.) құқық қолдану практика негізінде салдардың бағалауын қамтитын оның тиімділігін талдауға қайта бағдарланған. Мұндай тәсіл жалпы заңнаманы жетілдіруге және өзгертілетін сыртқы және ішкі факторлар жағдайында оның дамуының түрлерін болжауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингті жүргізу тәртібін біркелкі түсінуі үшін Министрлік мынадай:
Мониторинг қорытындылары Мемлекеттік органдар заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің отырыстарында талқыланады.
Сонымен бірге әділет органдары нормативтік құқықтық актілер жобаларына олардың Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілеріне сәйкес болу нысанасына заң сараптамасын жүргізеді.
Жыл сайын заң сараптамасына шамамен 70 заң жобасы, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1000-ға жуық актісінің жобасы және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың 10 мыңнан астам актілері келіп түседі.
2016 -2018 жылдар және 2019 жылдың 9 айы аралығында заң сараптамасына Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің 4 900-ден астам актісі келіп түскен (2016 жылы- 1 362, 2017 жылы- 1 258, 2018 жылы- 1 242, 2019 жылдың 9 айында-1096), оның 3 000-ға жуық жобасы келісілген (2016 жылы - 810, 2017 жылы - 738, 2018 жылы – 837, 2019 жылдың 9 айында -727).
Министрлікке заң сараптамасына келіп түскен көрсетілген жобалардың басым бөлігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобалары құрайды, олар келіп түскен актілердің жалпы санының 85% (2016 жылы - 86%, 2017 жылы - 85%, 2018 жылы - 84%, 2019 жылдың 9 айында - 89%), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары 9% (2016 жылы - 8%, 2017 жылы - 9,5%, 2018 жылы - 9%, 2019 жылдың 9 айында -7%), ал Қазақстан Республикасы Президентінің актілері 6% құрайды (2016 жылы - 6%, 2017 жылы - 5%, 2018 жылы - 7%, 2019 жылдың 9 айында -4%).
Cоңғы жылдары, соның ішінде 2019 жылдың 9 айы Әділет Министрлігі келісім жасаған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына және Үкіметтің нормативтік құқықтық қаулыларына Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері және сот шешімдері түскен жоқ.
Әділет органдарының міндеттерінің бірі орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру болып табылады.
Әділет органдарына ұсынылған актілерді мемлекеттік тіркеу актіде құқық нормасының болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі мәніне заң сараптамасын жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2016 - 2018 жылдары және 2019 жылдың 9 айы аралығында мемлекеттік органдар әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге 38075 акт (2016 жылы - 10286, 2017 жылы - 9601, 2018 жылы – 11524, 2019 жылдың 9 айында -6664) ұсынды. Бірақ, Министрлікке мемлекеттік тіркеуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің барлығы тіркелмейді, жүргізілетін заң сараптамасының нәтижелері бойынша жекелеген актілерді тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады. Аталған салада тіркеуден бас тарту бойынша статистика: 2016 жылы нормативтік құқықтық актілердің 5,4%-ы, 2017 жылы 3,5%-ы, 2018 жылы 7%-ы, 2019 жылдың 9 айында 0,3% тіркеуден бас тартылғанын көрсетеді.
Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік тіркеуге ұсынылған актілерінің санының өткен жылмен салыстырғанда өсуі байқалады: 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 20%. Бұл жағдай 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуге байланысты.
Сонымен қатар, іс жүзінде прокуратура органдарының мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қатысты прокурорлық қадағалаудың негізделген актілерін енгізу фактілері орын алған.
Статистикаға сәйкес 2016 жылы 32 НҚА-ға қатысты 23 прокурорлық қадағалау актісі қанағаттандырылды, бұл 8179 тіркелген НҚА санының 0,4% құрайды, 2017 жылы 7 НҚА-ға қатысты 7 прокурорлық қадағалау актісі қанағаттандырылды, бұл 8057 тіркелген НҚА санынан 0,09% құрайды, 2018 жылы 8 НҚА қатысты 8 прокурорлық қадағалау актісін қанағатандырған, бұл 9960 тіркелген НҚА санынан 0,08% құрайды.
2019 жылдың 9 ай ішінде мемлекеттік органдар әділет органдары тіркеген 5 НҚА қатысты 5 прокурорлық қадағалау актісін қанағатандырған, бұл 6469 тіркелген нормативтік құқықтық актілердің жалпы санынан 0,08% құрайды.
2) Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлейтін нормативтік нормативтік құқықтық актілердің сапасы норма шығарушылық қызметтің негізгі проблемасы болып табылады.
Мәселен, мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеген кезде жекелеген кетеліктер мен кемшіліктерге жол береді, бұл оларды пысықтауға қайтаруға немесе тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Министрлік Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің жобаларына заң сараптамасының нәтижесі бойынша берген негізгі ескертулер: заң техникасының талаптарына сәйкес келмеу, бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеу және жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеу болып табылады.
Көбінесе нормативтік құқықтық актілерді тіркеуден бас тарту негіздері ретінде жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келу, заңмен белгіленген құзыреттің шегінен шығу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді келісу тәртібін бұзу болып табылады.
Заң қызметінің қызметкерлерін сәйкес деңгейде тағылымдаман өткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметін талдау негізінде әзірленген ұсыныстар, сондай-ақ Әділет министрлігі жұмысшы болып табылатын Мемлекеттік органдарының заң қызметін үйлестіру кеңесінің әдістемелік жұмысының сапасын арттыру нәтижесінде 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда Президент және Үкіметінің актілер жобаларын қайта пысықтауға жолдану саны 21%-ға төмендетілді, сонымен қатар 2016 -2017 жылдарда да осындай динамика байқалуда.
Бұл ретте әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерге қатысты бұл сатыда жол берілетін бұзушылықтар азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандықтарын шектеуге, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға және осының салдарынан прокуратура органдарының негізделген прокурорлық қадағалау актілерін енгізуіне әкеп соғады.
Қаралып жатқан саладағы тағы бір проблема ғылыми сараптама жүргізу рәсімдерін жеткілікті түрде регламенттемеу болып табылады, осыған байланысты ғылыми сараптама жүргізу тәртібін жетілдіру қажет.
Ғылыми сараптама қорытындыларының ұсынымдық сипатқа ие екені тағы бір проблема болып табылады, осыған орай олар нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуде барлық кезде ескерілмейді, сонымен бірге оның нәтижелерін мемлекеттік органдар әзірлейтін заң жобаларында басқа кешенді шаралармен қатар ескеру олардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
3)Тәуекелдерді басқару
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
Мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер сапасының төмендеуі.
|
Мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА әзірлеу, сондай-ақ норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әдістемелік көмек көрсету. |
Мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің тиімділігін арттырудағы құқықтық ғылымның рөлін күшейту саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Министрліктің алдында тұрған міндеттерді іске асыру мақсатында республиканың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы құқық шығармашылық қызметінің тиімділігі мен құқықтық ғылымның рөлін күшейту қамтамасыз етіледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты жыл сайын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Ғылыми зерттеулерді жүргізудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарында қойылған мемлекет дамуының аса маңызды бағыттарын ескере, сондай-ақ ғылыми зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасының нормашығармашылық қызметіне енгізе отырып, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
2016-2018 жылдар және 2019 жылдың 9 айы аралығында 25 іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізілді (2016 жылы - 6, 2017 жылы - 7, 2018 жылы – 6, 2019 жылдың 9 айында-6).
Заң шығару саласында ғылыми-теориялық ізденімдердің нәтижелерін апробациялау заңнаманы жетілдірудің әзірленген ғылыми тұжырымдамаларында, заң жобаларына, халықаралық шарттарға және олардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүзеге асыру барысында, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу кезінде іске асырылады (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша 2017 жылы 201 ұсынымнан 11%-ды құрайтын 23 ұсыным 12 НҚА-да көрініс тапты, 2018 жылы 124 ұсынымнан 12%-ды құрайтын 15 ұсыным 9 НҚА-да көрініс тапты, 2019 жылдың 9 айында 16 ұсынымнан 12,5%-ды құрайтын 2 ұсыным НҚА-да көрініс тапты).
2) Негізгі проблемаларды талдау
Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдардың барлығы практикада бірдей қолданыла бермейді, өйткені олардың кейбіреулері заңнаманы жетілдірудің басым бағыттарымен үйлеспейді.
Бұдан басқа, жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша берілген ұсыныстар ұсынымдық сипатта болады. Осыған байланысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру кезінде мемлекеттік әзірлеуші органдар оларды әрқашан ескере бермейді.
3) Тәуекелдерді басқару
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
Әлемдік экономика мен саясаттағы өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының басым бағыттарының өзгеруі. |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарында берілген мемлекет дамуының аса маңызды бағыттары ескеріле отырып, ғылыми зерттеулердің тақырыптарын айқындау. |
Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазіргі таңда, жаһандану дәуірінде мемлекет өздігімен дами алмайды, Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтамақстатықта болуы қажет.
Халықаралық аренадағы Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және республиканың әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсатында оның қызметін құқықтық қамтамасыз етудегі Министрліктің функцияларының бірі халықаралық шарттардың жобаларына міндетті құқықтық сараптама жүргізу болып табылады.
2016 жылдан бастап 2019 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде Министрлік Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және тоқтату мәселелері бойынша халықаралық шарттардың және нормативтік құқықтық актілердің 2540 жобасына заңдық сараптама жүргізілді (2016 жылы - 585, 2017 жылы - 612, 2018 жылы – 1002, 2019 жылы 9 айда - 341).
2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда Министрлікке заңдық сараптамаға ұсынылған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша халықаралық шарттар және нормативтік құқықтық актілер жобалары санының 39% - ға артуы байқалады.
Бұдан басқа, Министрлік халықаралық шарттар жобаларын, халықаралық ұйымдар органдарының актілерін және экономикалық интеграция саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты.
Осылайша, 2017 жылғы желтоқсанда ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттер ЕуразЭО Кеден кодексін ратификациялау жұмыстарын аяқтады және Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Министрлік 2017-2018 жылдары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сотын ТМД Сотын «adhoc» жұмысының жаңа форматына ауыстыру бөлігінде реформалау бойынша жұмыс жүргізді. Хаттамаға 2017 жылғы 13 қыркүйекте қол қойылды және 2018 жылғы 13 маусымда бекітілді.
Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді әзірлеге қатысты. Құжатқа 2018 жылғы 14 мамырда қол қойылды және 2019 жылғы 11 ақпанда ратификацияланды.
Бұдан басқа, Министрлік бір тараптан ЕуразЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімнің жобасымен және бір тараптан ЕуразЭО пен оған мүше мемлекеттер, екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша жұмысқа қатысты (екі келісімге 2018 жылғы 17 мамырда Астана экономикалық форумы аясында қол қойылды). Бір тараптан ЕАЭО пен оған мүше мемлекеттер, және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы (2019 жылғы 1 қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында қол қойылған).
Министрлік Қазақстандық тараптан құзыретті органдар бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейтін хаттамалардың 9 жобасын (Әзірбайжан, Грузия, ҚХР, КХДР, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Пәкістан, Түркия), хабарламалар нысанында ноталардың 4 жобасын (Үндістан, БАӘ, Өзбекстан және Түркіменстан) әзірледі және дипломатиялық арналар бойынша контрагенттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Әділет министрлігі арасындағы 2019 - 2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы (2019 жылғы 18 наурыз, Ханой қ.), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасы Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум (Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылғы 22 сәуір), Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім (Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылғы 12 шілде), Біріккен Ұлттар ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық әлемдік келісімдер туралы Конвенциясы (ағымдағы жылғы 7 тамызда Сингапурда) қол қойылды.
Алдын ала болу нәтижелері бойынша есепті дайындауға байланысты ҰАТ қатысушыларының шығыстарын 12 АЕК мөлшерінде өтеуді көздейтін Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 580 қаулысы).
Ағымдағы жылдың 7 тамызында Сингапурда Қазақстан Республикасының атынан делдалдық және дауларды халықаралық шешу мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференция шеңберінде Біріккен Ұлттар ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық әлемдік келісімдер туралы Конвенциясына қол қойылды.
Бұдан басқа, Министрлік келесі мемлекеттермен ведомствоаралық халықаралық шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізуде: РФ, Италия Республикасы, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Марокко, Польша; Сонымен қатар, келесі мемлекеттермен мемлекетаралық халықаралық шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізуде: Аргентина, Хорватия, Жапония, Бразилия, Марокко, Сингапур.
Сонымен бірге, заңдардың коллизиясы туралы Гаага Конвенция, сот таңдау туралы келісімдер туралы Гаага Конвенция, Азаматтық немесе коммерциялық істер бойынша шетелдік шешімдерді тану және орындау туралы Гаага Конвенция, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Гаага Конвенциясы халықаралық шарттарын жасау бойынша шаралар қабылдануда.
2016 бастап 2019 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде Министрлікке халықаралық шарттар шеңберінде азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 1752 өтініш келіп түсті (2016 жылы -214, 2017 жылы - 326, 2018 жылы – 654, 2019 жылы 9 айында -558), оның 969-ы Минск және Кишинев конвенцияларының шеңберінде мүдделі органдарға және жеке тұлғаларға құжаттарды тапсыру туралы (өтінімдердің негізгі саны соттылықтың бар/жоғы туралы ақпарат, ҚСжАЕАК есепке алынатын шетелдік соттардың үкімдері, жұмыс өтілі туралы анықтама, сот шешімдерін беру және танумен байланысты).
Жүйелі негізде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшылығының қатысуымен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша, соның ішінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде іс-шаралар қабылдануда (2019 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 18 халықаралық іс-шараны ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылданды).
2019 жылғы 7 қарашада Женевада (Швейцария Конфедерациясы) БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу (УПО) шеңберінде үшінші ұлттық баяндаманың қорғауы өткізілді.
Халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау бойынша функциялар шеңберінде Министрлік шетелдік сот және төрелік органдарда мемлекеттің мүдделерін білдіреді және қорғауды іске асырады.
2019 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша Министрлік 22 талқылауда мемлекеттің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда, оның ішінде 14 -халықаралық төреліктерде, 8- шетел соттарында (2017 жылы іс жүргізуінде 12 төрелік, 8 сот ісі және 1 сотқа дейінгі іс жүргізу, 2018 жылы 15 іс халықаралық төрелікте, 9 іс шетел соттарында және 3 сотқа дейінгі іс жүргізу болды. Сонымен қатар 2018 жылы төрелік бойынша 3 жаңа хабарлама келіп түсті, сондай-ақ 1 іс шетел сотында және
1 сотқа дейінгі іс жүргізу)
Экономика секторының бөлігінде мұнай-газ секторы, құрылыс және жер қойнауын пайдалануында талап-арыздар басым болады. Географиялық бөлігінде талап-арыздарды қарау 11 мемлекеттің аумағының сот және төрелік институттарында жүргізіледі, оның ішінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ және Швеция институттары басым болады.
2) Негізгі проблемаларды талдау
Әділет министрлігі халықаралық шарттар жобаларына заң сараптамасын жүргізу барысында келісу үшін ұсынылған халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды бекітудің Ағымдағы
(1 жылға) және Перспективалық (3 жылға) жоспарларында орын алмау фактілерін анықтады.
Мысалы, 2018 жылы мемлекеттік органдар Министрлікке 175 жоспардан тыс халықаралық шарт жобасын ұсынған.
Бұдан басқа, мемлекеттік органдар ведомствоаралық халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу кезінде өздерінің Ережелеріне тиісті құзыреттерді ескермейді.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобаларына қатысты мемлекеттік органадар Қазақстан Республикасы Үкіметі Регламентінің бұзылуына жол береді.
Ғылыми сараптама жүргізу рәсімдерін жеткілікті регламенттеудің болмауы қаралып жатқан саланың тағы бір проблемасы болып табылады. Осыған байланысты ғылыми сараптама жүргізу тәртібін жетілдіру қажет.
Ғылыми сараптамалардың қорытындыларының ұсынымдық сипатқа ие болуы тағы бір проблема, осыған орай олар нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, сондай-ақ халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде ескерілмейді.
Заң сараптамасына ұсынылған халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларында халықаралық шарттар немесе халықаралық шарттар жобалары бойынша сараптамалық қорытындыларында ғылыми сараптамалар бойынша ұсыныстарды қабылдамаудың негіздемелері болмаған жағдайларға да жол берілген.
Өз кезегінде, басқа да кешенді шаралармер бірге ғылыми құқықтық сараптаманы жүйелі түрде жетілдіру және оның нәтижелерін мемлекеттік органдардың халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеген кезде ескеруі олардың анағұрлым жоғары сапасын қамтамасыз етеді және практика мен теория арасындағы алшақтықты жояды.
3)Тәуекелдерді басқару
|
Мақсатқа жетуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
Ғылыми сараптама жүргізетін сарапшылардың төмен біліктілігі |
Сарашыларға қойылатын жоғары талаптарды белгілеу |
|
Ғылыми құқықтық сараптаманың төмен сапасы |
Ғылыми ұйымдарға жоғары талаптарды қою
|
2-стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.
Сот сараптамасы қызметі саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Министрліктің басым міндеттерінің бірі ретінде сот сараптамасы мемлекеттің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
2015 -2016 жылдар арадығында сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптама жүргізу функцияларының біріктірілуінен кейін Министрлік саланы дамыту үшін жаңа векторларды анықтады.
2017 жылы сот-сараптама қызметінің құқықтық негізін жетілдіруге, меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілеттіктері мен міндеттерінің нақты бөлінуіне, әділ сот процесіне қатысатын азаматтар мен ұйымдардың құқықтық қорғалуын арттыруға, жеке сот сарапшыларының жұмысын институционалды нығайтуға ықпал еткен жаңа «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңы қабылданды.
Сот сараптамасының қазақстандық үлгісінің дамуының заманауи сатысында сот-сараптамалық зертханаларды аккредиттеу сараптама өндірісінің сапасын тұрақты түрде жақсарту және бақылауды қамтамасыз етудің озық құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
Аккредиттеу стандарты сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігіне қатысты талаптарды айқындайды. Осыған орай, сот сараптамасы органдарының инфрақұрылымын әрі қарай жаңғырту және жетілдіру шеңберінде материалды-техникалық базаны жақсарту бойынша сатылай жұмыстар жүргізілуде.
Ғылым мен техниканың дамуы, заманауи қылмыстың жоғары ғылыми-техникалық деңгейі сот сарапшыларының кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоятындықтан, кадр әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
2019 жылдың 9 айында Сот сараптамалары орталығының 120 қызметкері біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан (қазақстандық және шетелдік ЖОО) өтті (2016 жылы – 227, 2017 жылы - 247, 2018 жылы - 232).
Бұдан басқа, Министрлік пен Дүниежүзілік Банктің «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасы аясында 200-ден астам сарапшы Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Ресей және т.б. мамандандырылған мекемелерінде оқыды (2017-2018 ж.ж.), 26 сот сарапшысы «Болашақ» халықаралық степендия негізінде Ұлыбританияда жылдық ғылыми тағылымдамадан өтті (2014-2016 ж.ж.), 2018 жылдан бастап 28 сарапшы оқуын жалғастыруда.
Сот сараптамасы органдарының басты функционалдық міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады (30 сот сараптамасының түрі бойынша 57 бағытта).
2019 жылдың 9 айында Орталық өндірісінде құқыққорғау органдары мен соттардың 148 403 материалы болды (оның 144 032 - келіп түскен материал, 4 371 - алдыңғы кезеңнің қалдығы), оның ішінде 141 237 сараптама орындалды, 2018 жылы өндірісте 197 546 материал болып (оның ішінде 192 923 - келіп түскен материалдар, 4 623 - алдыңғы кезеңнің қалдығы), 190153 сараптама орындалды, 2017 жылы - 197 8452016 жылы өндірісте 197 845 материал болып (оның ішінде 193 365 - келіп түскен материалдар, 4480 – алдыңғы кезеңнің қалдығы), 189 370 сараптама орындалды.
Сонымен қатар, Сот сарапшысының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаған немесе оның түйіндері күмән туғызған не сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде процестік нормалар елеулі түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін қайталама сот сараптамасы тағайындалады.
2019 жылдың 9 айында құқық қорғау органдары мен соттардың тағайындауы бойынша 153, 2018 жылы – 252, 2017 жылы - 146 қайталама сараптама жүргізілді.
Сонымен қатар, 2018 жылы сараптама тағайындаған органдарға 3 014 материал, 2017 жылы – 3 854 материал, 2016 жылы – 3 625 материал орындаусыз кері қайтарылды. Материалдарды қайтарудың азаюы сот-сараптама тағайындау мәселесі бойынша құқық қорғау органдарымен және соттармен жүргізілген ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен байланысты (дәріс, дөңгелек үстелдер, әр түрл деңгейдегі отырыстарда талқылау, жазбаша және ауызша кеңес берулер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар түрінде).
Сот сараптама өндірісінің сапасын көтеру, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдарын тергеу барысында сарапшының алдына қойылған сұрақтарды шешудің бірыңғай тәсілдерін жасау, сондай-ақ сот-сараптама қызметін ғылыми дамыту мақсатында 2018 жылы сот сараптамалық зерттеулердің 16 әдістемесі әзірленді (2016 жылы - 12, 2017 жылы - 28).
Қазіргі таңда, Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімі 400-ден астам әдістемені қамтиды. Соңғы әзірлемелердің бірі графикалық планшет көмегімен орындалған қолтаңбаны зерттеу, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетімен өндіруге келтірілген залалды есептеу кезінде қалпына келтіру құнын белгілеу мақсатында қоршаған орта объектілерінің экологиялық жай-күйін сот-сараптамалық зерттеу әдістемелері болып табылады.
Нақты уақыт режимінде сот сараптамаларының іс жүргізу мерзімдерін қадағалауды жүргізу, құжаттарды қорғауды және жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сот сараптама органдарының «Е-сараптама» бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша мәселе пысықталуда. Жүйені әзірлеумен бір мезгілде құқық қорғау органдарының және соттардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселесі пысықталды.
2) Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі таңда, Институттар әкімшілік және тұрғын-үй ғимараттарында, соның ішінде мектепке дейінгі балалар мекемелеріне арналған ғимараттарда орналасқан.
Алайда, атыс қаруы, есірткі құралдары, жарылуға қауіпті және улы заттар, биообъектілер, мәйіттерді зерттеу және сақтаумен байланысты қызметтік ерекшелігіне орай сот-сараптамалық зертханаларды әкімшілік және тұрғын-үй ғимараттарында, соның ішінде мектепке дейінгі балалар мекемелеріне арналған ғимараттарда орналастыру қауіпсіздік талаптарына қарама-қайша келеді және тұрғындардың, қызметкерлердің және қоршаған ортаның өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Осылайша, жұмыс аумағының шектеулігі, ғимараттардың техникалық сипаттамаларының Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарға сәйкес келмеуі саланың тиімді дамуына мүмкіндік бермейтін негізгі проблемалар болып табылады.
Сараптама өндірісінің сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру және сот сарапшыларының қорытындыларының басқа мемлекеттерде тану үшін ғимараттардың типтік кешенін құру, сараптамалық зерттеулер жүргізуге қажет заманауи жарақтарды және бағдарламалық өнімдерді сатып алу арқылы материалды-техникалық базаны нығайту қажет.
Сот сараптамасы органға байланысты емес жағдайлар бойынша сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) материалдарды қайтару өзекті мәселе болып табылады: сараптаманы жүргізуге қажеттілігі өтіп кетуіне байланысты сараптаманы тағайындаған органның материалдарды қайтарып алуы, сот сарапшысының алдына қойылған мәселелердің оның құзыретінің шегінен тыс болуы, сот сараптамасын жүргізуге арналған материалдардың заң талаптарын бұзып ұсынылуы, сот сараптамасын жүргізу үшін қосымша материалдарды ұсыну туралы сарапшының өтініші қанағаттанбауына байланысты.
3) Тәуекелді басқару
|
Мақсатқа жетуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
Сот сарапшыларының қорытындаларының төмен сапасы |
Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік және материалды- техникалық базасын нығайту, Сот сараптамалар институттарын аккредиттеу |
Сот актілерін орындау саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Сот актілерін орындау сот әділдігін іске асырудың соңғы қорытындысы және азаматтардың құқықтарын қорғауға конституциялық кепілдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.
2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамына сәйкес атқарушылық іс жүргізу саласын түбегейлі реформалау жүргізілді.
Жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамытуды және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең кезеңмен қысқартуды көздейтін шешім аталған реформаның түйінді сәті болып табылады.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке сот орындаушыларының құзыретіне мемлекеттен 1000 АЕК асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы құжаттарды, мемлекет мүддесінде жүргізілетін үйден шығару, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою бойынша істерді қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары берілді, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері кеңейтілді.
2016 және 2018 жылдардағы сот шешімдерін орындау бойынша жағдайды салыстырғанда аяқталған атқарушылық іс жүргізулер санының да, сол сияқты толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың көбейгенін атап өткен жөн.
2016 жылы орындауда 2 млн. 726 мың. құжат болды (мемлекеттік сот орындаушыларында 712 мың, жеке сот орындаушыларында 2 млн. 014 мың), 1 млн. 348 мың атқарушылық өндіріс аяқталды (мемлекеттік сот орындаушыларында 415 мың, жеке сот орындаушыларында 933 мың), оның ішінде 773 мың (мемлекеттік сот орындаушылары 185 мың, жеке сот орындаушылары 588 мың) атқарушылық құжат толық көлемде орындалды, бұл 57,3% құрады.
2017 жылы сот актілерін орындау бойынша деректер мынадай үлгіде: орындауда 2 млн. 910 мың. құжат болды (мемлекеттік сот орындаушыларында 256 мың, жеке сот орындаушыларында 2 млн. 654 мың), 1 млн. 524 мың атқарушылық өндіріс аяқталды (мемлекеттік сот орындаушыларында 113 мың, жеке сот орындаушыларында 1 млн. 411 мың), оның ішінде 892 мың (мемлекеттік сот орындаушылары 55 мың, жеке сот орындаушылары 837 мың) құжат толық көлемде орындалды, бұл 58,6% құрады.
2018 жылы орындауда 2 млн. 940 мың. құжат болды (мемлекеттік сот орындаушыларында 95 мың, жеке сот орындаушыларында 2 млн. 845 мың), 1 млн. 185 мың атқарушылық өндіріс аяқталды (мемлекеттік сот орындаушыларында 40 мың, жеке сот орындаушыларында 1 млн. 145 мың), оның ішінде 814 мың (мемлекеттік сот орындаушылары 29 мың, жеке сот орындаушылары 785 мың) атқарушылық құжат толық көлемде орындалды, бұл 68,7% құрады.
2019 жылдың 9 айында орындауда 3 млн. 291 мың. құжат болды (мемлекеттік сот орындаушыларында 50 мың, жеке сот орындаушыларында 3 млн. 241 мың), 1 млн. 128 мың атқарушылық өндіріс аяқталды (мемлекеттік сот орындаушыларында 23 мың, жеке сот орындаушыларында 1 млн. 104 мың), оның ішінде 726 мың (мемлекеттік сот орындаушылары 19 мың, жеке сот орындаушылары 706 мың) атқарушылық құжат толық көлемде орындалды, бұл 64,4% құрады.
Осылайша, соңғы жылдары аяқталған атқарушылық іс жүргізу жалпы санынан толық орындалған атқарушылық құжаттарының бойынша оң динамика байқалады.
Заңнамаға жеке сот орындаушылары институтын дамытуды көздейтін өзгерістердің енгізілуіне байланысты мемлекеттік сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар санына қарағанда, жеке сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар санының көбейгені байқалады.
Осылайша, 2018 жылы мемлекеттік сот орындаушыларына ұсынылған құжаттар саны 60% төмендеді.
2018 жылы барлық аяқталған құжаттардың 96,5%-ы жеке сот орындаушыларға жатады, ал 2016 жылы жеке сот орындаушылар аяқтаған құжаттардың үлесі 69,2% құрады.
2018 жылы орындалған құжаттардың жалпы санынан жеке сот орындаушылар орындаған құжаттардың үлесі 96,3% құрады, 2016 жылы 76% құрады.
2) Негізгі проблемаларды талдау
Атқарушылық іс жүргізу саласындағы негізгі проблемалардың бірі жұмыстың, өндіріп алуға болатын кірістерінің, мүлкінің болмауына байланысты не борышкердің оларды әдейі жасыруына байланысты сот шешімдерін орындау мүмкін еместігі болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік сот орындаушысы да, сол сияқты жеке сот орындаушысы да – азаматтық тұлға болып табылады және оның өкілеттіктері мүлікті ресми көздерден іздеумен ғана шектелген, ол жасырын мүлікті анықтай алмайды. Ол үшін жедел іздестіру және тергеу қызметінің құралдары қажет, ол қызметтік істі қозғаған кезде ғана мүмкін, осыған байланысты материалдар тергеп-тексеру үшін ішкі істер органдары жіберіледі.
3) Тәуекелдерді басқару
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару іс-шаралары |
|
Азаматтардың дағдарыс кезеңінде өз мүдделерін қорғау үшін өтініштері санының көбею есебінен келіп түсетін атқарушылық құжаттар санының көбеюі |
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірге жеке сот орындаушылар санын көбейтуге бағытталған жұмыс жүргізу. |
Азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Нотариат және адвокатура институттары еліміздің құқықтық жүйесінде ерекше орын алады, олардың жұмысының тиімділігіне азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының қорғалуы байланысты болады.
2012 жылдан бастап еліміздің аумақтары нотариаттық және адвокаттық қызметімен 100% қамтылған. Республикамызда 17 аумақтық нотариаттық палата және 17 адвокаттар алқасы қызмет етуде.
Нотариустардың жалпы саны 2016 жылы- 4 156, 2017 жылы - 4 171, 2018 жылы- 4182, 2019 жылдың 9 айында - 4179 құрады.
Адвокаттардың жалпы саны 2016 жылы 4609, 2017 жылы - 4724, 2018 жылы – 4978, 2019 жылдың 9 айында - 5278 құрады, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокаттар саны - 3301, бұл 63%-ды құрайды (2016 жылы - 62,5%, 2017 жылы - 65%, 2018 жылы - 63%).
2019 жылдың 9 айында мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны 109 395, 2018 жылы - 166 695, 2017 жылы - 164 105, 2016 жылы - 155 435 құрайды.
2) Негізгі проблемаларды талдау
Адвокаттық қызмет аясы көрсетілетін қызметтің сапасында проблемалардың болуымен сипатталады
2018 жылдың 23 шілдесінде Әділет министрлігімен әзірленген «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң күшіне енді (бұдан әрі - Заң).
Заңның негізгі жаңалықтары: жеке жұмыс жасайтын заңгерлердің қызметін реттеу, адвокаттар алқасына кірме жарнасынан бас тарту, кешенді қоғамдық заң көмегі институтын енгізу, адвокаттар және заң кеңесшілерінің қызметін сақтандыру жүйесін енгізу, адвокаттардың сапасыз заң көмегін көрсеткені, стандарттарды, сапа критерийлерін, кәсіби этиканы сақмағаны үшін жауапкершілікке тарту тетіктерін, сондай-ақ адвокаттар және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыру және оңтайландыруды көздейді.
Заңды орындау мақсатында 2018 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен Әділет министрлігі және республикалық адвокаттар алқасының келісімімен Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленді (қолданысқа енгізу мерзімі - ағымдағы жылғы 3 тоқсаны).
Бұл жүйені енгізу мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша адвокаттарды тағайындау, құжаттарды рәсімдеу, адвокаттардың мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету, азаматтардың білікті заң көмегін алу тәртібін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
2018 жылғы 23 қарашадағы Заңның 67- бабының талаптарына сәйкес Республикалық адвокаттар алқасы конференциясымен заң көмегін көрсету стандарттары және сапа критерийлері, адвокаттардың біліктілігін көтеру стандарттары, тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже және т.б. бекітілді.
3) Тәуекелдерді басқару
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару іс-шаралары |
|
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сапасының төмендеуі. |
1) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңңың көрсетілетін заң қызметінің сапасын арттыруға бағытталған жаңа тетіктерін іске асыру.
|
Зияткерлік меншік саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерді тіркеу саласында 2018 жылы 4314 куәлік берілді, бұл 2017 жылмен (3282 куәлік) саластырғанда 31,4% көп.
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерді тіркеу саласында
2019 жылдың 9 айында 4336 куәлік берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,7% - ға артық (2955 куәлік).
Зияткерлік меншік саласында 2018 жылы өнеркәсіптік меншікке 11561 қорғау құжаты берілді, бұл 2017 жылға қарағанда 22,6 %-ға көп (2016 жылы өнеркәсіптік меншікке 11 968 қорғау құжаты берілген, 2017 жылы - 9430 қорғау құжаты). 2019 жылдың 9 айында өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша халықаралық тіркеуді қоса алғанда, берілген қорғау құжаттарының саны 8 568 құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% - ға аз (8 672).
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын «электрондық үкімет» порталы арқылы беру бойынша бизнес-процесті оңтайландыру жөніндегі қабылданған шаралар зияткерлік меншік объектілерінің қорғау құжаттарын беруге қатысты өтінімдерді беру процесін жеңілдетті. Нәтижесінде қорғау құжаттарын беру туралы өтініштердің саны, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштердің саны арта түсті.
Жалпы 2016 жыл мен ағымдағы жылдың 9 айында электрондық форматта 9767 (өтінім), оның ішінде 2016 жылы 1015, 2017 жылы - 1497, 2018 жылы - 2783, 2019 жылдың 9 айында - 4 472 өтінім берілді.
Бұл 2018 жылдың қыркүйегінде бір мемлекеттік қызметтің толық электронды форматқа ауысуына байланысты.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде зияткерлік меншікті қорғау және қорғау саласындағы барлық 12 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстырылды.
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтарды ресiмдеу процесiнде әкiмшiлiк кедергiлердi төмендету жөнiндегi шаралардың нәтижесiнде тiркелген келiсiмдер артуда. Осылайша, егер 2016 жылы 611 шарт (лицензиялық, сублицензиялық, басқаға беру, франчайзинг, кепіл шарттары, қосымша келісімдер) тіркелсе, 2017 жылы 632 шарт, 2018 жылы - 751 шарт, 2019 жылдың 9 айында 618 шарт жасалды (лицензиялық, сублицензиялық, өзгеге беру, франчайзинг, кепіл шарттары, қосымша келісімдер).
Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қатысушысы болып табылады.
Ұйымға мүше болу және қабылданған міндеттемелерге сәйкес ДЗМҰ халықаралық шарттарының 19 базалық келісімін ратификациялау ұлттық заңнаманы, оның ішінде өнеркәсіптік меншік объектілерін және қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау бөлігінде үйлестіруге мүмкіндік берді.
2017 жылғы 11 желтоқсанда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде Ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тәртібі туралы келісімге қол қойылды, осы келісімде:
- ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымның (ҚҰБҰ) жиналған сыйақыны бөлу (жылына 1 реттен кем емес), төлеу бойынша міндеттері, міндетті аудит жүргізу (2 жылда 1 реттен кем емес) және аудиторлық қорытындыны өз сайттарында орналастыру;
- ұлттық және шетелдік құқық иеленушілерге сыйақы төлеу мерзімдері, шығыстар мен арнайы құралдарға ұстап қалудың шекті мөлшері (50 пайыздан аспайтын);
- міндеттерді орындамағаны үшін ҚҰБҰ жауапкершілігі;
- мүше мемлекеттердің өз заңнамасында талап етілмеген сыйақыны сақтау және пайдалану тәртібін белгілеу жөніндегі талап көзделген.
2018 жылғы 1 маусымда Душанбе қаласында өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ғылыми-техникалық жетістіктерді тиімді пайдалану және іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға, зияткерлік меншік объектілерін шаруашылық айналымға тартуға бағытталған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру және дамыту туралы келісімге қол қойылды.
Мемлекетішілік рәсімдердің қорытындысы бойынша «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру және дамыту туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 863 қаулысы қабылданды.
Ағымдағы жылдың 7 мамырында «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңға қол қойды. Бұл құқықтарды ұжымдық басқару мәселелерін реттеуге бағытталған бірінші халықаралық шарт.
2019 жылғы 6 қыркүйекте Сингапурдың зияткерлік меншік ведомствосы (IPOS), «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі Комитеті мен Әділет министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты кең және икемді негіз құру болып табылады, оның шеңберінде тараптар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қызметті дамыта алады.
2019 жылғы 9 қыркүйекте Еуразиялық патенттік конвенцияның 25-жылдығы күні (1994 жыл) - Еуразиялық патенттік жүйені және Еуразиялық патенттік ұйымды (ЕАПО) құрған үкіметаралық шарт - Дипломатиялық конференция өтті, оның барысында өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қойылды.
Бұл Хаттама Еуразиялық патенттік ведомство мен ЕАПО-ға қатысушы мемлекеттер бірлесіп әзірленді және өңірлік деңгейде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесін құру мақсатын жасайды, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде патенттер алу рәсімін жеңілдетеді және өтінім берушілер үшін әкімшілік және қаржылық жүктемелерді азайтады. Ұқсас жүйе 1994 жылдан бастап өнертабыстарға қатысты әрекет етеді.
Зияткерлік меншік объектілерін заңсыз қолдану фактілерін анықтау, алдын алу және жою бойынша құқыққолдану тәжірибесін әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.
Бұдан бұрын, Әділет органдарына ішкі істер, мемлекеттік кіріс органдарына берілгенге дейін өнеркәсіптік құқығын, пайдалы модель, өнеркәсіп үлгісін, авторлық және сабақтас құқығын бұзу, тауар таңбасын заңсыз қолдану облысында әкімшілік құқық бұзушылық істерді қозғау уәкілеттігі тіркелген болатын.
2014 жылы Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің қабылдануымен тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілері бойынша әкімшілік өндірісті қозғау әділет органдары өкілеттігінде (Әділет органдарымен - ӘҚБтК-нің (жаңа нұсқасы) 158-бабына сәйкес, 2016 жыл бойынша - 157, 2017 жыл бойынша - 168, 2018 жыл бойынша - 222 әкімшілік іс қозғалды) қалды.
2018 жылғы 20 маусымда зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге, ғылыми-техникалық прогресс пен еркін бәсекелестікті дамытуға, тіркеу рәсімін оңайлатуға, құқықтық олқылықтарды жоюға, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында әкімшілік кедергілер жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
Заңмен зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша Әділет министрлігінің өкілеттілігін сараптау ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) жіберу арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесі құрылды, тіркеу бойынша дауларды сотқа дейін қарау мүмкіндігі кеңейтілді, тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы институты енгізілді, тауар таңбаларына өтінімдерді жариялау тетігі нақтыланды.
Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Министрлік функцияларының маңызды құрамдас бөлігі зияткерлік меншік мәселелері бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеу тетігін бақылау болып табылады.
Қолданыстағы жүйеде бұл тетік өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейін қарау жөніндегі Әділет Министрлігі жанындағы алқалы орган Апелляциялық кеңес болып табылады.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау өкілеттігіне ие сараптама ұйымының шешімдеріне байланысты дауларды қарау оның басты міндеті болып табылады.
2016-2018 жылдар және 2019 жылдың 9 айы аралығында Апелляциялық кеңес 352 (2016 жылы - 73, 2017 жылы - 134, 2018 жылы -85, 2019 жылдың 9 айында – 60) шешім қабылдады, оның ішінде 209 қарсылық қанағаттандырылған (2016 жылы - 49, 2017 жылы - 93, 2018 жылы – 32, 2019 жылдың 9 айында – 35), 122 қарсылықтарды қанағаттандырудан бас тартылған (2016 жылы - 24, 2017 жылы - 33, 2018 жылы – 44, 2019 жылдың 9 айында – 21), 18 - қарсылықтар ішінара қанағаттандырылған (2017 жылы - 8, 2018 жылы – 9, 2019 жылдың 9 айында – 1), Апелляциялық кеңес алқасының 38 шешімі сотта шағымдалды (2016 жылы - 14, 2017 жылы - 11, 2018 жылы – 12, 2019 жылдың 9 айында -1).
2) Негізгі проблемаларды талдау
Шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің зияткерлік меншік объектілерін қорғау бойынша, оның ішінде ЕАЭО бірыңғай кеден аумағы шеңберінде зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлардың кедендік шекара арқылы өтуі кезіндегі кедендік бақылау, зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу, контрафактпен күрес бөлігінде жұмысын жетілдіруді жалғастыру қажеттігін атап өтеді.
Осыған байланысты, қылмыстық және әкімшілік кодекстеріне енгізілген зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жауаптылығын қатаңдату бөлігіндегі түзетулерді ескере отырып, құқық қорғау органдары тарапынан зияткерлік меншік саласындағы бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі шараларды күшейту қажет.
ДЗМҰ шеңберінде инновацияларды қолдау, коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту, жаңа технологияларды коммерциялық пайдалануды ынталандыру, ДЗМҰ шеңберінде технологиялар мен инновациялардға қолдау көрсететін орталықтарды (ТИҚКО) ашу бойынша мәселе көтеріледі.
Зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында сараптаманың сапасын арттыру, патент ведомствосында ұлттық және халықаралық тіркеу, сондай-ақ электрондық өтінімдерді тіркеу аясын кеңейту қажет.
3) Тәуекелдерді басқару
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару іс-шаралары |
|
Апелляциялық кеңес шешімдерінің күшін жою |
Апелляциялық кеңестің материалдарын есепке алу және талдау жүргізу. |
Құқықтық насихатты қамтамасыз ету саласы
1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
«Әділет органддары туралы» Заңға сәйкес Әділет министрлігіне құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу қызметтері берілген.
Осы қызметтерді іске асыру 2017-2022 жылдарға арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру жөніндегі Тұжырымдамаға, сондай-ақ оны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда (Әділет министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі №1178, 2017 жылғы 9 қарашадағы 1408 бұйрықтары).
Азаматтардың құқықтық түсінігі мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ мүдделі ұйымдармен 2017 -2018 жылдар аралығында 200 000 аса іс-шара өткізілді.
Құқықтық насихаттауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында Министрлікпен 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бақылау жағдайындағы нормативтік құқықтық актілер Интернет желісінде орналасқан web-портал арқылы пайдаланушыларға қолжетімді. Эталондық бақылау банкіне нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі ресми жариялау көзі мәртебесі берілді.
2011 жылдан бастап Министрлікте негізгі міндеттері мен мақсаттары халыққа құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру болып бірыңғай нөмірі 119 Құқықтық ақпараттық қызмет (бұдан әрі – ҚАҚ) жұмыс істейді.
ҚАҚ құрылған сәттен бастап халыққа барлығы 1 млн. 70 мыңнан астам кеңес берілді. Орташа есеппен күніне оператор-консультанттар 540-қа жуық кеңес, тәулігіне 377 консультация көрсетіледі.
ҚАҚ 2016 жылы - 133 748, 2017 жылы - 139 206, 2018 жылы - 139 420, 2019 жылдың 9 айында - 107 437 өтінішке жауап берді.
Ақпараттық анықтамалық жүйелерді пайдалана отырып, анықтамалық-консультациялық қызметті бағалаған қанағаттандырылған азаматтардың үлесі
2016 жылы 79,06%, 2017 жылы - 94,89%, 2018 жылы - 94,79%.
2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ақпараттық анықтамалық жүйені пайдалану арқылы анықтамалық-консультациялық қызметті бағалаған азаматтардың жалпы саны 18 165 құрады, оның ішінде қанағаттандырылған азаматтар саны – 17 292 немесе 95,19 % (жоспар - 95%).
Сонымен қатар, ҚАҚ 2019 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің дерекқоры «Әділет» арқылы онлайн-консультациялық қызметін көрсетеді. Барлығы 108 онлайн-консультациялар көрсетілді.
2) Негізгі проблемаларды талдау
Азаматтар мен ұйымдардың Құқықтық ақпараттық қызметінің бар екендігі жөнінде жеткіліксіз хабардар болуы.
Осы проблеманы шешу үшін құқықтық ақпараттық қызмет жөнінде халықты құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алудың мүмкіндігі жөнінде хабардар ете отырып, оның ішінде әділет органдары басшылығының әр түрлі кеңестерде, халықпен кездесулерде, БАҚ-та сөз сөйлеуі арқылы хабардар ету.
3) Тәуекелдерді басқару
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару іс-шаралары |
|
Ақпараттық анықтамалық жүйелерді қолданумен көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметті алушылардың қызметті бағалауға толық қатыспауы. |
Көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметті бағалау тетігін жеңілдету шараларын қабылдау.
|
3-бөлім. Саланы/аяны дамытудың басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету
Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды заңнамаға енгізу.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде берген ұсынымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасында көрсетілген ұсыныстарды заңнамаға енгізу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында норма шығару процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін шаралар қолдану қажеттігі көзделген.
Сонымен, өзгелердің қатарында, Қазақстан мемлекеті мен қоғамының жақын арадағы және алыс болашақтағы дамуы туралы ғылыми негіздемелерге, іргелі ұсынымдарға негізделген бірыңғай құқықтық саясат қажет.
Осыған байланысты, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды заңнамаға енгізу мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған басымдыққа жету үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді таңдауға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын ескере отырып, неғұрлым сапалы қарау, сондай-ақ олардың нәтижелерін заңнаманы жетілдіру кезінде пайдалану және ғылыми құқықтық қоғамдастық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК арқылы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу туралы актілерді беру рәсімін оңайлату жоспарлануда.
2 стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету
Құқық қорғау органдары мен соттарды сот сарапшыларының сапалы қорытындыларымен қамтамасыз ету
Сот сараптамасы органдарының басты басым міндеттері құқық қорғау органдарын және соттарды ғылыми негізделген және тәуелсіз сараптамалық қорытындылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру мақсатында:
- сот-сараптамалық зертханалардың ғылыми-әдістемелік базасын және материалдық-техникалық жабдықталуын, соның ішінде арнайы жарақтандырылған үй-жайлармен қамтамасыз ету арқылы нығайту;
- сот-сараптамалық зерттеулер шеңберінде шешілетін сот сараптама түрлері мен міндеттер шеңберін кеңейту;
-кадрлық әлеуетінің деңгейін арттыру;
- сот-сараптама тағайындау мәселесі бойынша құқық қорғау органдары және соттармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарды жүргізу;
- жеке және заңды тұлғалардың негізделген шағымдары мен өтініштерін, сондай-ақ расталмаған қорытындылармен қайталама сараптамалардың санын қысқарту бойынша шаралар қабылдау;
- сот-сараптама органдарының қызметін автоматтандыру;
- тең бәсекелестік үшін ортаны дамыту мақсатында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру.
Аталған басымдылық Мемлекеттік басшысының Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарымен белгіленген ІІ «Мемлекет – тиімді реттеуші» бөлімінде Құқық үстемдігін қамтамасыз ету міндетіне қол жеткізу шараларының бірі ретінде «Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру» көзделген, бұл жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту жолымен жүзеге асырылатын болады.
ДЗМҰ, ДСҰ, ЕАЭО шеңберінде міндеттемелерді орындау және қолайлы жағдайды қалыптастыру.
Жоспарланған міндеттерге қол жеткізу үшін:
1) Министрлікке бекітілген ДЭФ ЖБИ бойынша индикаторлар көрсеткіштерін жақсартуды одан әрі іске асыру;
2) Өнеркәсіптік меншік объектісіне сараптама жасау және тіркеу және авторлық құқық объектілерін тіркеу сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
3) Зияткерлік меншік объектілеріне қатысты заңнаманы құқықтық насихаттау және оны пайдалану бойынша жұмысқа тұрақты түрде құқық иеленушілерді, ҚҰБҰ және патенттік ұйымдар өкілдерін тарту;
4) Контрафактілі өнімдермен күресте құқық пайдалану тәжірибесін, тауар таңбаларын қорғау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың, өзара іс-қимылын нығайту бойынша одан әрі шаралар қабылдау;
5) ЕАЭО шартының шеңберінде келісілген саясатты іске асыруға қатысу жоспарлануда.
|
Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері |
|
2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы |
|
- Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс; - Қазақстанның заңнамасы ұлттық мүддесін қорғап қана қалмай, ол серпінді дамып отырған халықаралық құқықтық ортаны үйлестіру; - ұзақ мерзімді перспективада, патенттер санының көптеп жинақталуына және ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу шамасына қарай, берілетін патенттердің сапасын жақсартуға назар аударыла отырып, зияткерлік меншікті қорғау жүйесі жетілдіріледі; - зияткерлік меншікті қорғау бойныша заңнамасын жетілдірілетін болады; - жеке сот орындаушылар санын көбейту жолымен сот актілерін орындау тиімділігін арттыру қамтамасыз етілетін болады. |
|
2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары |
|
|
- заңнаманың сапасын арттыру; - құқық қолдануды жақсарту; - қылмыстық және әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі ізгілендіру; - үздік практикалар тәжірибесі бойынша әкімшілік әділет жүйесін құру; |
- азаматтардың мүдделерін қорғау сапасын жақсарту; - рейдерліктен нормативтік-құқықтық қорғауды қамтамасыз ету; - сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыру. |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің стратегиялық бағыттары |
|
|
1 стратегиялық бағыт Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету |
2 стратегиялық бағыт Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
|
Әділет министрлігінің мақсаттары |
||||
|
1.1. Мақсат Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету
|
2.1. Мақста Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру |
2.2. Мақсат Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру
|
2.3. Мақсат Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
2.4. Мақсат Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету
|
|
Бюджеттік бағдарламалар |
||||
|
006 «Мемлекеттік органдардың заң шығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеу»
|
060 «Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» |
|
005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» |
|
|
047 «Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау» |
065 «Сот сараптамалары бойынша қызметтер» |
|
009 «Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу» |
|
|
059 «Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру» |
061 «Сот сараптамасы объектілерін салу» |
|
|
|
|
001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» |
||||
|
№ |
Мақсатты индикаторлар
|
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өл. бір. |
Есептік жыл |
Ағымдағы жылдың жоспа ры (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
|
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
||||
|
1 стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету |
|||||||||||
|
1.1. Мақсат. Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету |
|||||||||||
|
1.1.1. |
Әділет министрлігі Премьер-Министр Кеңсесіне енгізген заң жобаларының ішінен заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеуіне байланысты Премьер-Министр Кеңсесі қайтарған заң жобаларының үлесі. |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
20
|
100
|
50
|
40
|
30
|
20
|
10
|
|
1.1.2. |
Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының, Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері және сот шешімдерінің негізінде өзгертілген не күшін жойған актілерінің үлесі (есеп беру кезеңінде келісілген жобалардың жалпы санынан) |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
%
|
0
|
0,23
|
0,22
|
0,21
|
0,20
|
0,19
|
0,18
|
|
1.1.3. |
Мемлекеттік тіркеу барысында сапасыз заң сараптамасын жүргізуге байланысты негізделген прокурорлық қадағалау актілері (наразылықтар, ұсыныстар) енгізілген Әділет органдарымен тіркелген (тіркелген НҚА жалпы санынан) нормативтік құқықтық актілердің үлесі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
%
|
0,08
|
0,12
|
0,12
|
0,12
|
0,12
|
0,12
|
0,12
|
|
1.1.4. |
Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша алынған ұсынымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасының шеңберінде әзірленіп ұсыныстардың, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан үлесі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
12,09 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
|
1.1.5. |
Ғылыми құқықтық сараптамалардың ұсыныстары есепке алынған халықаралық шарттар мен халықаралық шарттар жобасының үлесі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
54,34
|
55
|
56
|
57
|
58
|
59
|
60
|
|
2 стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
|||||||||||
|
2.1. Мақсат. Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру |
|||||||||||
|
2.1.1. |
Сот сараптамасы өндіріс сапасының деңгейі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
41,7
|
43
|
42
|
43
|
44
|
45
|
46
|
|
2.1.2 |
Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткен сот сарапшылары мен орта медициналық персоналдың олардың жалпы санынан үлесі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
30,08
|
45
|
61
|
76
|
92
|
93
|
94
|
|
2.2. Мақсат. Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру |
|||||||||||
|
2.2.1. |
Аяқталған атқарушылық өндiрiстердiң жалпы санынан толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
68,7
|
65
|
68,8
|
68,9
|
69
|
69,1
|
69,2
|
|
2.2.2. |
Атқарушылық іс жүргізулердің орындауындағы жалпы санынан аяқталған атқарушылық жүргізулердің үлесі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
%
|
44,1
|
44,2
|
44,3
|
44,4
|
44,5
|
44,6
|
44,7
|
|
2.3. Мақсат. Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
|||||||||||
|
2.3.1. |
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың үлесі
|
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
%
|
63,68
|
63,7
|
63,9
|
64,1
|
64,3
|
64,5
|
64,7
|
|
2.3.2. |
Ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалағандардан қанағаттандырылған азаматтардың үлесі |
Әділет вице-министрі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
%
|
94,79
|
95
|
95,3
|
95,5
|
95,8
|
96
|
96,3
|
|
2.4. Мақсат. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету |
|||||||||||
|
2.4.1. |
Сот шешімімен күші жойылмаған күшіне енген апелляциялық кеңес шешімдерінің үлесі |
Әділет вице-министрі
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
%
|
97,64
|
92,6
|
92,7
|
92,8
|
92,9
|
93
|
93,1
|
|
Ресурстар |
Өлшем. бірлігі |
Есептік кезең |
Ағымдағы жоспарлы кезең |
Жоспарлы кезең |
||
|
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Қаржы: Барлығы: |
мың теңге |
42 332 253 |
39 229 909 |
47 142 557 |
41 813 801 |
40 983 324 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
1.1. Мақсат. Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету |
||||||
|
006 «Мемлекеттік органдардың заң шығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеу» |
мың теңге |
26 370 |
428 890 |
505 323 |
428 123 |
428 104 |
|
047 «Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау» |
мың теңге |
18 551 035 |
15 912 893 |
19 544 600 |
18 107 133 |
18 299 143 |
|
059 «Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру» |
мың теңге |
3 726 111 |
1 000 000 |
3 638 741 |
|
|
|
1.1. – мақсат бойынша қорытынды: |
мың теңге |
22 303 516 |
17 341 783 |
23 688 664 |
18 535 256 |
18 727 247 |
|
2.1. Мақсат. Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру |
||||||
|
060 «Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» |
мың теңге |
39 381 |
38 817 |
40 435 |
43 265 |
46 292 |
|
065 «Сот сараптамалары бойынша қызметтер» |
мың теңге |
6 176 273 |
7 383 827 |
7 234 828 |
7 234 637 |
7 235 220 |
|
061 «Сот сараптамасы объектілерін салу» |
мың теңге |
- |
- |
626 575 |
835 775 |
- |
|
2.1. – мақсат бойынша қорытынды: |
мың теңге |
6 215 654 |
7 422 644 |
7 901 838 |
8 113 677 |
7 281 512 |
|
2.3. Мақсат. Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
||||||
|
005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» |
мың теңге |
1 813 004 |
1 759 475 |
1 813 004 |
1 813 004 |
1 813 004 |
|
009 «Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу» |
мың теңге |
643 693 |
1 061 656 |
1 156 382 |
1 156 382 |
1 156 382 |
|
2.3. – мақсат бойынша қорытынды: |
мың теңге |
2 456 697 |
2 821 131 |
2 969 386 |
2 969 386 |
2 969 386 |
|
2.2. Мақсат. Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру |
||||||
|
2.4. Мақсат. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету |
||||||
|
Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, қаржы ресурстары |
||||||
|
001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» |
мың теңге |
11 356 386 |
11 644 351 |
12 582 669 |
12 195 482 |
12 005 179 |
|
Адамдар |
|
2 564 |
2 441 |
2 441 |
2 441 |
2 441 |