«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылғы 20 қазанда Бақыт Рахымұлы Игібаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0005906 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Б.Р. Игібаевтың, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылғы 13 қазандағы №06-19/1559-И ұсынысы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 1 қазандағы №329 өтініш хаты.
Вице-министр А. Әмірғалиев