Халықаралық адвокаттар қауымдастығының адам құқықтары жөніндегі институты (IBAHRI) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың атына "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңын (бұдан әрі - "Заң") іске асыруға қатысты хат жолдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Е. Қазыханның тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі аталған хатқа жауап дайындап, авторға жіберді.