Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алу туралы

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі бұл атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі.

Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - АІЖО ААЖ) атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезде борышкерлер автоматты түрде Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - ББТ) енгізіледі.

Қазіргі уақытта «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) нормаларына сәйкес Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. Егер атқарушылық іс жүргізу тоқтатылса:

Осылайша, атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сот орындаушысы бір тәулік ішінде осы туралы қаулы шығарып және мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылады.

Борышкер төлемді «электрондық Үкіметтің» төлем шлюзі және АІЖО ААЖ интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.

Осылайша, сот орындаушылары атқарушылық құжат талаптарының толық орындалғанын растауды алғаннан кейін бір тәулік ішінде АІЖО ААЖ шектеу шараларын тоқтату және алып тастау туралы қаулы шығарады.

Тиісінше, АІЖО ААЖ -да борышкер автоматты түрде ББТ-дан шығарылады.

  1. Егер қайтарылған атқарушылық құжаттар қайтарылғаннан кейін орындалса:

Осылайша, борышкер Заңның 48-бабына сәйкес қайтарылған атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған жағдайда, борышкер ББТ-дан шығарылады.

Борышкер алып тастау үшін сот орындаушысына қайтарылған атқарушылық құжат талаптарының орындалуын растайтын өтінішпен және құжаттармен жүгінеді.

Кейіннен сот орындаушысы өтінішхат негізінде аумақтық әділет органдарына жүгінеді және қарау нәтижелері бойынша борышкер ББТ-дан алынады.

  1. Егер қайтарылған атқарушылық құжаттар бойынша ұсыну мерзімдері өтіп кеткен жағдайда:

Заңның 48-бабы 6-тармағының 2)- тармақшасына сәйкес атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің осы Заңның 11-бабында көзделген мерзімі өткен жағдайларда мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылады.

Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну мерзімінің өтуі себебінен борышкер ББТ-дан алу мәселесі бойынша жүгінген кезде аумақтық әділет органы үш жұмыс күні ішінде мерзімдердің өтуінің дұрыстығын тексеріп және борышкерді ББТ-дан алып тасталады.

Дата публикации
29 октября 2021