Қазіргі уақытта «Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін автоматтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасында электрондық апостильді енгізу жөніндегі пилоттық жоба жалғастырылуда.
Электрондық апостилі бар ресми құжатты ұлттық және халықаралық талаптарда көзделген тәртіп пен шарттарды сақтайтын «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі береді. Апостиль мөртабаны үш (қазақ, ағылшын және француз) тілде жасалады.
Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар PDF форматындағы апостиль мөртабанымен ресми құжат қолданылу мерзімі шектеусіз жарамды болып табылады және оның тұтастығына, электрондық түрде болуына және қол жетімділігіне кепілдік береді.
Видео - https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/media/details/18561?lang=kk