Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылдың
20 қаңтарында Данияр Ермуханбетович Бейсембаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №20000946 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сот шешімі толық орындалғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты
Д.Е. Бейсембаевтың, Алматы қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 07- 01-08/5851 ұсынысы, Әуезов ауданының №2 аудандық сотының 2021 жылғы 24 тамыздағы ұйғарымы.
Вице-министр А. Әмірғалиев