Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың 1 наурызында Балгабай Есбосынұлы Бурамбаевтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003529 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
  2. Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
    Б.Е. Бурамбаевты, Атырау облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органын хабардар ету бойынша шаралар қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Атырау облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 24 қыркүйегіндегі №353-09 өтініш хаты, 2021 жылдың 26 тамызындағы адвокат Б.Е. Бурамбаевтың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

Дата публикации
13 октября 2021