Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылғы
    16 қыркүйегінде Ержан Саматұлы Амангелдінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 21026472 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Ақмола облысы Әділет Департаменті:

         1) Е.С. Амангелдінің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Е.С. Амангелдінің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес 01.10.2021 ж.
№
21525853 арызы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
13 октября 2021