Nur-Sultan qalasy город Нур-Султан
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.».
18, 19, 20, 21-тармақтар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
|
Н. Пан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 04.10.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 24606 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство юстиции РК - Директор Алан Тулебаевич Тленчиев, 17.09.2021 11:17:54, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК - вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан Асхат Елубайұлы Оразбек, 27.09.2021 18:44:37, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Әділет министрлігі - Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Н. Пан, 28.09.2021 12:52:31, положительный результат проверки ЭЦП