Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алма Кабышевна Тулеубаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 29 мамырда берілген № 0001049 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2024 жылдың 1 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.К. Тулеубаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.К. Тулеубаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус А.К. Тулеубаеваның өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 2-05/24543ұсынуы.

 

Вице-министр                                                                          А. Әмірғалиев

Дата публикации
30 сентября 2021