Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың
6 ақпанында Самат Айтжанұлы Бекбасыновқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0004531 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 26 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
С.А. Бекбасыновтың, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 14 қыркүйегіндегі №06-19/1466-И ұсынысы және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 9 қыркүйегіндегі № 296 өтінішхаты.
Вице-министр А. Әмірғалиев