«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 107 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 107 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 20917 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.