«Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Н-15 техникалық паспортының нысаны (желілер, су таратқыштар, коллекторлар және тағы басқалар)осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

М. Бекетаев

Дата публикации
16 сентября 2021