«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы                                           28наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

корсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларында:

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.

Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының өкілеттігі соттың борышкерді дәрменсіз деп тану туралы шешімімен және сыртқы бақылауды енгізу туралы ұйғарымымен және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларын тағайындау туралы бұйрығымен расталады.

Мәжбүрлі таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы) өкілеттігі тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұрығымен және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхатпен расталады.

Мұрагерлердің жылжымайтын мүлікке мұра берушіге тіркелген құқықтары туралы ақпарат алуға өкілеттігі мұраға құқығы туралы куәлікпен немесе мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқығы туралы куәлікпен расталады.

Кондоминиум объектісі қатысушының өкілеттігі құқық белгілейтін құжатты не кондоминиумның осы қатысушысына меншік құқығының негізінде жататын жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне құқық белгілейтін құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын хаттамасын ұсынумен расталады.

Өзге тұлғалардың өкілеттігі құқық иесінің жазбаша нотариалды куәландырылған келісімімен расталады.

Кондоминиум объектісі қатысушыларына жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат ғана беріледі.».

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат төмендегі анықтамаларды беру түрінде жүзеге асырылады:

1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат.

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің нақты объектісіне бар құқық (ауыртпалық) көрсетіледі;

2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.

Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамада жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері туралы барлық мәліметтер (оның ішінде иеліктен айырылған) көрсетіледі;

3) осы ереженің жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелері.».

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкімет» веб-портал www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы 5-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салады (бұдан әрі – сұрау салу).

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген:

       «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес;

«Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес.».

17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«17. Электрондық құжат түрінде ЖМТ МДҚ қалыптастырған тиісті ақпарат көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі:

жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы;

      жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы».

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«24. Құжаттарды қабылдау кезіндекөрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты некөрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисіненэлектрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегіқамтылған мәліметтермен тексереді(сәйкестендіру үшін).».

1, 3, 5, 6 және 8 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2021