Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

__________                                                                                            __________

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Енлик Серикбаевна Жолдасовағанотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы6қазандаберілген № 14014911мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімгетоқтатыла тұрсын.
  2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.С. Жолдасованыңназарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.С. Жолдасованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шараларқолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Шымкент қаласының Әділет департаментінің 14.09.2021 ж. ұсынысы және Шымкент қаласыныңҚаратау аудандық сотының 09.09.2021 ж. ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
15 сентября 2021