|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
|
____________________________________________ Nur-Sultan qalasy |
|
№______________________________________________ город Нур-Султан
|
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 143-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 97 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 37-бабы 4 тармағын, 148-бабы 1 тармақтын 2), 3) тармақшаларын бұзғаны үшін Кадыр Жасуланович Шалтабаевқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;
2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;
3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.
Негізі: 16.07.2021 жылдағы № 3-8/1647 Қарағанды облысы Әділет департаментінің ұсынысы.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев