Лицензияның қолданысын жаңарту туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

______________________________________________________________________________________

 

BUIRYQ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

____________________________________________

                                       Nur-Sultan qalasy

 

 

 

№______________________________________________

                                     город Нур-Султан

 

 

 

 

        Лицензияның қолданысын

         жаңарту туралы

 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының
143-бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрлеріне мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне қол қою өкілеттігін беру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2019 жылғы 2 қазандағы № 488 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Канатбек Курмамбекович Кульжамбековке жеке сот орындаушысы қызметімен айналасуға берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысы жаңартылсын.
  2. Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жеке сот орындаушысының назарына жеткізсін.
  3. Сот актілерін орындау   департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған лицензиясының қолданысын жаңарту туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот   актілерін   орындау   департаментіне    жүктелсін (Д. Игембаев).
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         

Негізі: 2021 жылғы 3 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облысы Әділет

департаментінің хаты.

 

Дата публикации
08 сентября 2021