«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

          БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21сәуірдегі                  №5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20503 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

9-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және лицензия беруге бұйрықты не дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі) дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.

Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.»;

мынадай редакциядағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензияны қайта ресімдеуге құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және «көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне» жібереді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күніне мерзімін ұзарта отырып, алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

16-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

Дата публикации
06 сентября 2021