Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

______________________________________________________________________________________

 

 

 

№ БҰЙРЫҚ                                                                               ПРИКАЗ №

_____________                                                           ______________

   Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                 г. Нур-Султан

 

«Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы»

2021 жылғы 13шілдедегі № 599 бұйрықты

тоқтата тұру туралы

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің              21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2014 жылғы6қазандаМадинаШайкбекқызы Сәрсенбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14014949«Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министрі А.Әмірғалиевтің 2021 жылғы 13шілдедегі №599бұйрығының күшіәкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Шымкентқаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус М.Ш.Сәрсенбаеваның назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі:Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 23 тамыздағы ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                            А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
31 августа 2021