Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Самат Жомартулы Сейткановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы 14 маусымда берілген № 16009551 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Ж. Сейткановтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус С.Ж. Сейткановтың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 26.08.2021 ж. № 2-05/21060 ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                                 А. Әмірғалиев

Дата публикации
31 августа 2021