Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

______________________________________________________________________________________

 

 

 

БҰЙРЫҚ                                                                                             ПРИКАЗ

 

__________                                                                                           __________

     

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                    г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44 бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылғы
    26 қазанда Бакытжан Амангельдинович Кусаиновқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №11002610 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Ақмола облысы Әділет Департаменті:

          1) Б.А. Кусаиновтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Б.А. Кусаиновқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылғы 10 тамызындағы шығ.№06-19/1297-И ұсынысы, Ақмола облысы Кокшетау қалалық сотының 2021 жылғы 16 шілдедегі үкімі.

 

 

Вице-министр А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
26 августа 2021