Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында
заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
орналастыру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 55-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру қағидаларын бекiтілсін.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице - министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Бекетаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
«___» _________ 2021 года