Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

BUIRYQ

 

 

ПРИКАЗ

 

20___   жылғы  __________                                                                            №  ___________________

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Төрехан Абдрайымұлы Сүйеубайға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылғы 10 тамызда берілген № 0000050 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.А. Сүйеубайдың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.А. Сүйеубайдың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Шымкент қаласы Әділет Департаментінің 2021 жылғы 17 тамыздағы ұсынуы және 2021 жылғы 16 тамыздағы нотариус Т.А. Сүйеубайдың арызы.

 

Вице-министр А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
26 августа 2021